Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұндайлар ажалды зарыға күтеді, оны көмілген қазынадан бетер іздейді, әйтсе де ажал оларға жоламайды. Жаратқан Ие жерді сілкінту үшін тағынан тұрған сол кезде Оған мойынсұнбағандар құз-шатқалдардың қуыстарына әрі жердің ой-шұқырларына қашып барып, Жаратқан Иенің қорқынышты қаһарынан, Оның айбынды ұлылығынан жасырынып қалуға тырысады. Ал Мен халықтың тірі қалғандарын қай елге қуып жіберсем де, олар сонда тірі жүргендерінен гөрі өлгенді қалайтын болады, — деп ескертеді Әлемнің Иесі. Исраилдің күнәға батқан жері — Бет-Әбендегі табыну орындары қиратылмақ. Осы биіктеу жерлердегі құрбандық үстелдерінде тікенді бұта мен ошаған қаулап өсетін болады. Сол кезде адамдар тауларға: «Бізді басып, жасырып тастаңдар!» әрі төбелерге: «Үстімізге құлап түсіңдер!» — деп жалынатын болады. Сол уақытта адамдар тауларға: «Үстімізге құлап түсіңдер!» әрі төбелерге: «Бізді басып, жасырып тастаңдар!» деп жалынатын болады. Олар таулар мен құздарға жалбарынып: Үстімізге құлап түсіп, бізді тақта Отырғанның көзінен таса қылып, Тоқтының қаһарынан жасыра көріңдер!
Выбор основного перевода