Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содом мен Ғомораға және төңірегіндегі бүкіл жазыққа көз тастағанда Ыбырайым сол жерден тек балқыту пешінен шыққандай будақтаған түтінді ғана көрді. Жаратқан Ие тау басына от жалынына оранып түскендіктен, Синай тауын түгел түтін жапты. Таудан балқыту пешінен шыққандай түтін шығып, бүкіл тау қатты шайқалып тұрды. Сол күн — қараңғылық пен қара түнектің, бұлттар мен қою тұманның күні! Таң ата жарықтың тау бастарына біртіндеп жайылатынындай, бір үлкен де қуатты әскер елді қаптап келе жатыр. Ол сияқты ежелде ештеңе болмаған, келер замандарда да болмайды. Олардың алдында жер сілкініп, аспан шайқалады, күн мен ай қараңғыланып, жұлдыздар да сөніп қалады.
Выбор основного перевода