Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұса таяғын аспанға қарай созғанда, Жаратқан Ие күн күркіретіп, бұршақ жаудырып, жерге найзағай түсірді. Осылайша Жаратқан Ие Мысыр елін бұршақтың астына алып, бұршақ жерге үздіксіз төпелеп, арасында найзағай жарқылдап тұрды. Бұршақтың мұндай күшті жауғанын Мысыр халқы ел болып, басы біріккелі көрген емес. Бұршақ бүкіл Мысыр даласында жүрген күллі адамдар мен малдарды қырып, өсіп тұрғанның барлығын тып-типыл қылып, ағаш атаулының бұтақтарын сындырып, быт-шыт етті. Жау Исраил жасағынан қашып, Бет-Хорон асуынан өтіп, төмен түсіп бара жатқан кезде, олар Әзекаға жеткенге дейін Жаратқан Ие үстеріне аспаннан үлкен бұршақ тастарды жаудырды. Исраилдіктердің семсерлерінен қаза тапқандардан гөрі аспаннан жауған бұршақтардан қырылғандар көбірек болды. Қасындағы нұрын бұлттар жасырды,Бұршақ жауып, найзағай жарқылдады. Мен Гогты індетпен және қантөгіспен жазалаймын. Оның өзі мен қалың әскерінің, әрі оған еріп келген көптеген халықтың бастарына нөсерлі құйындар мен бұршақты, жанған от пен қайнаған күкіртті төгемін. тек маңдайларында Құдайдың таңбасы жоқ адамдарды ғана жәбірлеу бұйырылды. Ал оларға көк шөпке, басқа да ешқандай өсімдіктер мен ағаштарға зақым келтіруге рұқсат берілмеді.
Выбор основного перевода