Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Үшінші күні таң ата күн күркіреп, найзағай ойнап, таудың басын қалың бұлт басып, ғаламат қатты керней даусы естілді. Қоныстағы халықтың бәрі де қорыққаннан дірілдеп қоя берді. Мұса оларды Құдаймен кездестіру үшін қоныстарынан алып шығып, олар таудың етегіне барып тұрды. Жаратқан Ие тау басына от жалынына оранып түскендіктен, Синай тауын түгел түтін жапты. Таудан балқыту пешінен шыққандай түтін шығып, бүкіл тау қатты шайқалып тұрды. Керней даусы күшейген үстіне күшейе түсті.Мұса тіл қатып, Құдай оған қатты дауыспен жауап беріп жатты. Бұдан кейін Һарон Жаратқан Иенің алдындағы түтету үстелінен қызып тұрған көмір шоғына толы табаны және майда етіп тартылған екі уыс хош иісті затты алып, солармен ішкі шымылдықтың арғы жағына өтіп барсын. Мұса Һаронға: «Бір табаны ал да, оған түтету үстелінен қызып тұрған көмір шоғын сал, ал оның үстіне хош иісті зат сал. Тезірек жамағатқа жүгіріп бар да, оларға күнәнің арамдығынан тазартатын рәсімді орында! Өйткені Жаратқан Ие қаһарланып отыр, халық арасында індет жайыла бастады», — деп тапсырды. Жаратқанның алдында от жүреді,Айналдыра ол жауларын құртып өртейді. Найзағайы әлемді жарқыратады,Жер беті соны көріп, шайқалады. Жаратқан Ие ақ бәтес киім киген қызметшісіне: «Керубтердің астында орналасқан дөңгелектердің арасына кір! Сондағы лаулап жанып жатқан шоқтардан алақаныңа толтырып алып, оларды қаланың үстінен шашып жібер!» — деп тапсырды. Мен қарап тұрған кезде ол сонда кіріп барды. Тақтың тұсынан найзағайдың жарқылы, гүрсілі және күркірі шықты. Ал тақтың алдында жеті шырағдан жалындап жанып тұрды. Олар — Құдайдың жеті Рухының белгісі. Тоқты алтыншы мөрді сындырып ашқанда қарасам, жер қатты сілкініп, күн қалың қара жамылғымен жабылғандай түнекке, ал ай түгелдей қан қызыл түске айналыпты!
Выбор основного перевода