Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Аспандағы жұлдыздар мен шоқжұлдыздар жарқылдауын доғарады. Күн шықса да, оны қараңғылық басады, ай да жарқырамайтын болады. Себебі Мен, Әлемнің Иесі, лаулаған қаһарымды көрсеткен сол күні аспанды шайқалтамын! Сонда жер сілкініп өз орнынан қозғалады. Аспандағы күн, ай және жұлдыздар еріп кетеді. Аспан шиыршық кітаптай шиырылады, әрі жұлдыздар жүзім бұтағынан не інжір ағашынан түскен құрғақ жапырақтай жерге құлап түспек. Аспанды қара түнекпен қаптап, оны қаралы жамылғымен жауып тастағандай тас қараңғы ететін де Менмін». Сені жоқ қылғаннан кейін Мен аспанды жауып тастаймын. Ондағы жұлдыздарды түнертіп, күнді де бұлтпен жауып қоямын. Ай да сәуле шашуын доғарады. Аспандағы барлық жарық көздерін сенің үстіңде қараңғы қылып, еліңе қара түнек орнатамын». — Жаратушы Тәңір Ие осыны нық айтады. Олардың алдында жер сілкініп, аспан шайқалады, күн мен ай қараңғыланып, жұлдыздар да сөніп қалады. Жаратқан Иенің ұлы да қорқынышты (соты) күні келердің алдында күн — қара түнек, ай — қан қызыл болады. Себебі ұлт ұлтқа қарсы, мемлекет мемлекетке қарсы аттанып, түрлі жерлерде ашаршылық (пен індеттер) және жер сілкіністер болады. Мен кернейдің зор үнімен періштелерімді жіберіп, олар аспанның о шетінен бұ шетіне дейін, дүниенің төрт бұрышынан Менің таңдап алған адамдарымды жинап әкелетін болады. Бірақ сол күндері, сол бір қиын-қыстау кезеңнен кейін күнді қараңғылық басады, ай да жарқырамайтын болады. Жұлдыздар аспаннан құлап түсіп, аспан күштері шайқалады. Күнде, айда, жұлдыздарда ғажайып белгілер пайда болып, жерде теңіздер шулап долданатын болады. Содан халықтар зәрелері ұшып, не істерін білмей дал болмақ. Жаратқан Иенің ұлы да салтанатты (соты) күні келердің алдында күн — қара түнек, ай — қан қызыл болады. Үшінші періште де кернейін тартты. Сонда аспаннан шырақ сияқты лаулаған зәулім жұлдыз өзендердің үштен бір бөлігіне және су көздеріне құлап түсті. Төртінші періште кернейін тартқанда, күннің, айдың, жұлдыздардың үштен бір бөлігі зақымдалып, олардың үштен бірін қараңғылық басып, күннің үштен бір бөлігі түн іспетті қара түнекке айналды. Бесінші періште кернейлеткенде, көктен жерге құлап түскен «жұлдызды» көрдім. Оған (жындар тұратын) терең тұңғиық көзінің кілті берілді. Сонда найзағай жарқылдап, мықты гүріл естіліп, күн күркіреп, жер қатты сілкінді. Адамзат дүниеде өмір сүргелі ешқашан мұндай жер сілкінісі болып көрмеген еді: бұл барлығынан да қатты жер сілкінісі болды.
Выбор основного перевода