Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай халықтарға билігін орнатты,Киелі тағына Ол отырып алды. Ұзиях патша қайтыс болған жылы мен аса дәріптелген, заңғар биік тағында отырған Тәңір Иенің аянын көрдім. Оның салтанатты шапанының етегі киелі үйдің ішін алып жатты. Сондықтан мен, Набуходоносор, Көктің Патшасын мадақтап, құрметтеп, дәріптеймін, өйткені Оның барлық іс-әрекеті ақиқат та әділ. Ол паңданып жүретіндерді бағындырып бой ұсындыра алады». Былай деп жарлық шығарамын: патшалығымның күллі жерлерінде халық Даниялдың сиынатын Құдайынан қалтырап қорқып, Оны терең қастерлейтін болсын!Себебі Ол — тірі Құдай, мәңгілік жасайды,Оның Патшалығын ешкім жеңе алмайды,Әрі Оның билігі шексіз созылады! Ақ бәтес киінген, өзен суының үстінде тұрған әлгі хабаршы екі қолын да аспанға қарай көтеріп, мәңгі тірі Хақ Тағаланың атымен ант етіп былай деді:— Бұның бәрі бір кезеңге, екі кезеңге және жарты кезеңге созылады! Құдайға бағышталған халықтың күші түбегейлі күйрегенде осы оқиғалар аяқталады! Ол аспан мен жерді, теңізді және олардағы барлық нәрселерді жаратқан, мәңгі тірі Тәңір Иенің атымен ант беріп, былай деді: «Енді еш кешеуілсіз, Құдай тағының қасындағы төрт нөкердің біреуі осы жеті періштеге жеті тостағанды берді. Тостағандар мәңгілік жасайтын Құдайдың қаһарына толы еді.
Выбор основного перевода