Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен дереу Киелі Рухқа ерекше бөленіп аян көрдім: көкте бір тақ тұрды, үстінде Біреу отыр екен. Тақты айналдыра жиырма төрт тақ тұр екен. Олардың үстінде ақ киімді, алтын тәж киген жиырма төрт ақсақал отырды. Төрт нөкер тақта отырған, мәңгілік өмір сүретін Құдайға даңқ пен құрмет көрсетіп, шүкірлік еткен сайын, Тоқты соны қолға алған кезде төрт нөкер мен жиырма төрт ақсақал Тоқтының алдына бас ұра жығылды. Әрқайсысының қолында домбыраға ұқсас алтын аспап және түтетілетін хош иісті заттарға толы алтын табалар болды. Осы хош иісті заттар Құдай халқының айтқан мінажаттарын білдіреді. Төрт нөкер: «Аумин», — деп жауап берді. Ал жиырма төрт ақсақал жерге бас ұра жығылып, (мәңгі тірі Жаратқан Ие мен Тоқтыға) тағзым етті.
Выбор основного перевода