Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонымен сендер сол елде тұратындармен келісім жасаудан сақтаныңдар! Әйтпесе олар Маған сенімсіздік танытып, өз тәңірсымақтарына арнап құрбандық шалып құлшылық еткенде сендерді де шақырады. Осылай сендер сол құрбандықтарынан жеп, өздерің де жалған тәңірлерге табынатын боласыңдар. Ал Исраилдің көші Шиттим деген жерде тұрған кезде, халық моабтық қыздармен азғындық жасай бастады. Бұлар халықты өздерінің жалған тәңірлеріне арнаған құрбандықтарына шақырған еді. Исраилдіктер солардан дайындалған тамақты жеп, моабтықтардың жалған тәңірлеріне иіліп табынды. Ахабтың Еробоғам патша сияқты күнәға батқаны былай тұрсын, ол Сидон патшасы Етбағалдың қызы Езабелге үйленіп, жалған тәңір Бағалға құлшылық етіп, оған бас ұра табынып кетті. Сен енді қожайының Ахабтың әулетін жоюға тиіссің. Сол арқылы Мен оларды Езабелдің Маған қызмет еткен пайғамбарлардың және барлық басқа қызметшілерімнің қандарын төккені үшін жазалаймын. Жорам Ехуді көргенде, одан:— Аманшылық па, Еху? — деп сұрады. Сонда Еху:— Неткен аманшылық болсын?! Өз шешең Езабел әлі де (Жаратқан Иеге) опасыздық жасап жалған тәңірлерге табынып, сиқырлықпен молынан айналысуда емес пе?! — деп жауап қайтарды. Қайта, біз оларға хат жазып: «Адам жанын арамдайтын жалған тәңірлерден, неке адалдығын бұзудан, арам өлген малдың етінен және қаннан аулақ жүріңдер!» — деп ескертейік.
Выбор основного перевода