Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қайта, жарлыларға әділдікпен төрелік айтып, жердің жапа шеккендерінің заңды мүдделерін қорғайды. Оның аузынан шыққан үкімдер осы дүниеге дүре соққан таяқ сияқты: айтқан әмірлерімен зұлымдардың көздерін құртады. Оның заңына қарсы тұрушы кісі содан кейін шығады. Алайда оны Иеміз Иса қайтып келіп, бәріне салтанатты түрде көрінгенде, аузынан шыққан леппен-ақ мүлдем жояды. Оның оң қолында ұстаған жеті жұлдызы бар екен. Аузынан екі жүзі де өткір семсер шығып, беті тал түстегі күндей нұрын төгіп тұрды. Өзің тыңдап қабылдаған шынайы ілімді есіңе түсіріп, ұстанып, теріс жолдан қайт! Ал егер оянбасаң, саған ұры сияқты сап ете түсемін. Менің келетін уақытымды ешқашан біле алмайсың.
Выбор основного перевода