Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда кездесу шатырын (бағана тәрізді) бұлт басып, Жаратқан Иенің жер бетіндегі тұрағы Оның нұрлы салтанатына кенелді. Діни қызметкерлер Жаратқан Иенің киелі үйінен шыққан кезде киелі үй бір қалың бұлтқа кенелді. Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты осылайша Жаратқан Иенің киелі үйін кенелтіп жібергендіктен, діни қызметкерлер оның ішіндегі қызметтерін жалғастыра алмай қалды. Кернейшілер мен әнші-күйшілер бірігіп бір дауыспен Жаратқан Иені мадақтап, Оған шүкірлік айтты. Олар даңғыра, жетіген және шертердің сүйемелдеуімен ән-жыр айтып Жаратқан Иені былай деп дәріптеді: «Жаратқан Иеміз сондай ізгі, Мәңгі ұласады Оның мейірімі!»Сонда киелі үй Жаратқан Иенің бұлт іспетті нұрлы салтанатына кенелді. Діни қызметкерлер енді сол жерде тұрып, міндеттерін орындай алмады, себебі Құдайдың киелі үйі Жаратқан Иенің нұрлы салтанатына кенелген болатын. Олардың бұл айқайынан киелі үйдің есік жақтаулары мен табалдырықтары шайқалды. Үй іші түтінге толып кетті. Содан соң әлгі хабаршы мені Солтүстік қақпа ғимараты арқылы киелі үйдің алдына алып келді. Мен қарап тұрғанда Жаратқан Иенің нұрлы салтанатының Жаратқан Иенің киелі үйін кенелтіп жатқанын көрдім де, етпетімнен жата кеттім.
Выбор основного перевода