Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Иені дәріптеймін ән-жырменен,Себебі Ол жеңімпаз, мерейі үстем бәрінен!Теңізге лақтырды Ол атты мінген адамымен. Уа, Жаратқан Ие, қай «тәңір» Саған тең келер еді?Ешкім жоқ Сендей салтанатты да қасиетті,Даңқты ұлылығымен айбынды да қастерлі,Керемет істер жасайтын сондай құдіретті! Паш етемін Жаратқанның ұлы атын,Даңқтаңдар Құдайымыздың салтанатын! Құдай — Қорғанымыз жартастай мықты,Мүлтіксіз Оның іс-әрекеттері,Барлық жолдары Оның әділетті,Құдай сенімді, жоқ еш жалғандығы,Әрдайым Ол әділ әрі шынайы! Жаратқан Иенің қызметшісі Мұса мені Қадеш-Барниден елді барлап келуге жібергенде қырық жаста болатынмын. Елді барлап, көріп-білгенімді шынайы айтып келдім. О, Ием, қандай керемет Сенің істерің,Түпсіз терең Сенің ой-ниеттерің! Қандай ұлы — Жаратқанның істері,Оларды ұнатқандар терең зерттейді. Уа, Жаратқан Ие, Саған тең келер ешкім жоқ! Сен ұлысың! Зор құдіретіңе бола Сенің есімің де ұлы! Кім Сені терең қастерлемесін, уа, халықтардың Патшасы? Бұл жалғыз Саған ғана тиісті. Барлық халықтардың данышпандарының арасында, олардың бүкіл патшалықтарында Саған тең келер ешкім жоқ! Бірақ Жаратқан Ие — шынайы Құдай! Ол — тірі Құдай әрі мәңгілік Патша! Ол қаһарланғанда жер сілкініп, ұлттар Оның қаһарына төтеп бере алмайды. Ефрем сонда:— Қойшы сол жалған тәңірлерді! — деп айтпақ. (Ал Мен мынадай жауап беремін:)— Мен сені естіп, назарымда ұстаймын.— Мен жайқалған арша ағашы сияқтымын.— Сенің жеміс беруің Менің жарылқауыммен. Мынаны тыңдап алып, Жақыптан тараған Исраил халқына қарсы куәлік етіңдер! — деп бұйырады Жаратушы Тәңір Ие, Әлемнің Әміршісі Құдай. — Өйткені Жаратқан Ие тауларды қалыптастырып, желді соқтырады. Ол өз ой-ниеттерін адам баласына ашып білдіреді. Құдай таңғы арайды қара түнекке айналдырып, әлемнің биік жерлерін де аяғымен басады. Оның Есімі — Жаратқан Ие, Әлемнің Әміршісі Құдай. Бүкіл әлемнің Билеушісі — әрдайым бар, мәңгі болып келген және болашақта келетін Құдай Ие: «Алғашқы да, Соңғы да Менмін!» — дейді. Әрбіреуінің алты қанаты болатын, қанаттардың тұла бойлары да толған көздер еді. Олар күні-түні тоқтамастан: «Бүкіл әлемнің Билеушісі — әрдайым болып келген, мәңгі бар және болашақта келетін Құдай Ие қасиетті, қастерлі, киелі!» — деп сиынумен болды.
Выбор основного перевода