Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Патшаларымызға, әміршілеріміз бен ақсақалдарымызға, жалпы, еліміздің бүкіл халқына Сенің хабарларыңды жеткізген қызметшілерің — пайғамбарларды да тыңдамай кеттік. мойынсұнбадық. Құдайымыз Жаратқан Ие, Өзіңнің қызметшілерің — жіберген пайғамбарларың арқылы берген тәліміңнің тура жолымен жүрген де жоқпыз. Шынында Жаратушы Тәңір Ие Өзіне қызмет ететін пайғамбарларға алдын ала білдірмей ештеңе істемейді. Алайда Менің Өзіме қызмет етіп жүрген пайғамбарларым арқылы жеткізген сөздерім мен шешімдерім ата-бабаларыңның бастарына түсті ғой! Сонда олар теріс жолдарынан қайтып: «Әлемнің Иесі бізге жүрген жолдарымыз бен істеген істерімізге сай істеді. Ол қалай ниеттеніп, алдын ала айтқан болса, солай істеді», — деп мойындады. Барлық нәрсе қалпына келетін уақытқа дейін Құдай Мәсіхті Өзіне қайтарып алды. Сол күндерді Құдай қасиетті пайғамбарларының аузымен баяғыда-ақ жариялап қойған болатын. Менің Иса Мәсіх туралы уағыздаған Ізгі хабарыма деген сенімдеріңді нығайтуға Құдай құдіретті. Бұл Ізгі хабар ерте заманнан бері құпия болып келгенмен, Жетінші періште кернейін тартқанда, көктен: «Әлемді басқару билігі Жаратқан Иеміздікі және Оның тағайындаған Патшасы Мәсіхтікі! Ол мәңгілік билік жүргізетін болады!» — деген қатты дауыстар шықты.
Выбор основного перевода