Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бүгін сені ұлттар мен патшалықтарға үстемдік жүргізуге тағайындадым. Сен оларды түп-тамырымен жұлып ойсыратып, құлатып жоясың, әрі қайтадан тұрғызып, егіп отырғызатын боласың, — деді. Сонда Ол маған мынаны айтты:— Осы сүйектерге Менің хабарымды жеткізіп былай де: Уа, қураған сүйектер, Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңдар! Сонда Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді: «Пендем, тіршілік лебіне Менің хабарымды жеткізіп былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Ей, тіршілік лебі, желдің соғатын төрт бағытынан кел де, мына өлтірілгендерге лебіңді үрлеп, жан бітіре гөр!» жаршы қатты дауыспен былай деп жариялады:«Уа, күллі ұлттар, халықтар және тілдердің адамдары, патшаның әміріне құлақ түріңдер! Оған құдірет, салтанатты ұлылық және патшалық билік тапсырылды. Барлық халықтар, ұлттар және тілдердің адамдары Оған бой ұсынып құрмет көрсетуге тиіс болды. Ол ешқашан өшпейтін мәңгілік билік құрады, Оның патшалығы еш уақытта жойылмайды! Содан кейін біреу маған бір өлшеуіш қамыс таяқты беріп, былай деді:— Бар да, Құдайдың киелі үйін және ондағы түтету үстелін өлшеп, сол жердегі ғибадат етіп жатқандардың санын есепте!
Выбор основного перевода