Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осы патшаға Жаратқан Иенің Рухы қонып, оған даналық пен парасат, ақыл-кеңес пен құдірет, білімділік және Жаратқан Иені терең қастерлеуді дарытады. «Міне, Менің қолдап жүрген Қызметшім,Жаным рақат табатын таңдаулым!Оған қондырдым Өзімнің Рухымды,Ол халықтарға жеткізбек әділ үкімді. Содан кейін Жақия куәлік етіп:— Мен Киелі Рухтың көгершін бейнесінде көктен түсіп, Исаға қонғанын көрдім. Құдай Өзінің Киелі Рухы мен құдіретін назареттік Исаға дарытты. Ол игі істер жасап, шайтанның құрсауындағы адамдарды азат етіп сауықтырып, ел аралап жүрді, өйткені Құдай Оған жар болды.
Выбор основного перевода