Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі Жасаған Ие Сион шаһарының әйелдерін жан дүниелеріндегі ластан арылтады, әрі қан төккен Иерусалим қаласын әділдікпен соттап, қан дақтарынан отпен тазартады. Жақия пайғамбар Ол туралы дауыстап куәлік етіп:— Менен кейін Келе Жатқанның жолы менен үлкен, өйткені Ол мен тумастан бұрын бар болатын деген Кісім Осы, — деді. Жақия оларға:— Мен тек суға шомылдыру рәсімін ғана орындаймын. Ал араларыңда сендер танымайтын Біреу тұр. Ол менен кейін келе жатыр, бірақ мен Оның құлы болып кебісін әперуге де тұрмаймын, — деп жауап берді. Исаны бұрын шынымен танымайтын едім. Бірақ мені шомылдыру рәсімін орындауға жіберген Құдай маған: «Сен Киелі Рухтың Біреуге қонғанын көргенде, Киелі Рухқа Шомылдырушының Соның Өзі екенін білесің» деген болатын. Жақияның шомылдыру рәсімі сумен болатын, ал енді біраз күнде сендер Киелі Рухпен шомылдырыласыңдар. — Сенушілерге жалындай жалаңдаған тілдер көрінді де, бөлініп-бөлініп әрқайсысының үстіне бір-бірден қонды. Бәрі Киелі Рухқа кенеліп, Оның өздеріне берген дарынына қарай бөтен тілдерде сөйлей бастады. Сонда Иеміздің мына сөзі есіме түсті: «Жақияның шомылдыру рәсімі сумен болатын, ал сендер Киелі Рухпен шомылдырыласыңдар». Сонда Пауыл былай деп түсіндірме берді:— Жақия адамдарды теріс жолдан қайтарып шомылдыру рәсімінен өткізгенде оларға: «Менен кейін келетін Кісіге сеніңдер!» деп айтты. Сол Кісі Иса болатын. Себебі келуге тиісті Ол сәлден кейін келіп, еш кешікпейді.
Выбор основного перевода