Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бір ағайының, тіпті бір анадан туған ағаң не інің, немесе өз ұл-қызың, сүйікті әйелің не жаныңдай жақсы көретін досың құпия түрде саған: «Жүр, басқа тәңірлерге барып табынайық!» — деп азғыруға ұмтылады дейік. Ал сол тәңірлерді не өзің, не ата-бабаларың еш білген жоқсыңдар. Сондай адам сені төңірегіңде: алыс не жақын, жердің ана не мына шетінде тұрып жатқан халықтардың тәңірлеріне табынуға еліктірсе, онда оған еш көнбе, сөздеріне құлақ та түрме! Осындай азғырушыны еш аяп-мүсіркеме, оны қолдап-қорғаушы да болма! (Иса сөзін жалғастырып, астарлап былай деді:) Егер оң көзің (секілді өте құнды нәрсең) сені күнәға азғырса, ол сен үшін «ойып алып, лақтырып тасталған» сияқты жоқ болсын. Бүкіл денеңнің тозаққа лақтырылғанынан гөрі бір мүшесінен айырылғаның артық болар еді. Яки оң қолың (сияқты өте қажетті нәрсең) сені күнәға азғырса, ол сен үшін «шауып алып, лақтырып тасталған» сияқты жоқ болсын! Бүкіл денеңнің тозаққа лақтырылғанынан гөрі бір мүшесінен айырылғаның артық болар еді. (Иса сөзін жалғастырып, астарлап былай деді:) — Егер сені өз қолың не аяғың (секілді өте қажетті нәрсең) күнәға азғырса, ол сен үшін «шауып тасталған» сияқты жоқ болсын. «Екі қол-аяқпен» мәңгі сөнбес тозақ отына лақтырылғаннан гөрі «сыңар аяқ-қолмен» мәңгілік өмірді иемденгенің артық болар еді. (Иса сөзін жалғастырып, астарлап былай деді:) — Егер сені өз қолың не аяғың (секілді өте қажетті нәрсең) күнәға азғырса, ол сен үшін «шауып тасталған» сияқты жоқ болсын. «Екі қол-аяқпен» мәңгі сөнбес тозақ отына лақтырылғаннан гөрі «сыңар аяқ-қолмен» мәңгілік өмірді иемденгенің артық болар еді.
Выбор основного перевода