Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
әрі сендерге өсиет еткендерімнің бәрін де ұстануға үйретіңдер! Естеріңде болсын: Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын!» (Аумин) Иса былай деп жауап берді:— Кім Мені сүйсе, сол айтқан сөздерімді берік ұстанады, әрі Әкем оны сүйеді. Біз сондай адамдарға келіп, өмірлерінен орын аламыз. Жексенбі күні біз жергілікті сенушілермен бірге нан үзу рәсімін орындауға жиналдық. Пауыл олармен сөйлесіп, уағыз айта бастады. Келесі күні жол жүретіндіктен, оның уағызы түн жарымына дейін созылды. Бауырластарым, сонда не? Сендер жиналғанда әрқайсың бір рухани жыр, тәлім немесе Құдай ашып білдірген құпияны айтып бересіңдер, біреуің бөтен тілде сөйлеп, біреуің соның мәнін түсіндіресіңдер: бәрі де қауымның жетілуі үшін пайдалы болсын.
Выбор основного перевода