Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Паш етейін Жаратқанның жарлығын:«Рухани ұлымсың, — деді Ол маған.— (Өзіңді патшалыққа тағайындап)Мен бүгінгі күні Әке болдым саған. Ұлының аяғын сүйіп бағыныңдар!Әйтпесе Ол кәрленіп, көздеріңді құртпақ,Ашуы лезде жалындай лауламақ.Ал Оған сенгендер бақытты болмақ. Патша аңсап қалайды сұлулығыңды,Ол тақсыр иең сенің, ардақта оны! Шимон Петір:— Сіз Мәсіхсіз, мәңгі тірі Құдайдың рухани Ұлысыз! — деп жауап берді. Бірақ Иса үндемеді. Сонда бас діни қызметкер Оған:— Мәңгі тірі Құдайдың алдында ант етіп, бізге айтып бер: Сен Құдайдың рухани Ұлы — Мәсіхсің бе? — деген сұрақ қойды. Римдік жүзбасы және онымен бірге Исаны күзетіп тұрғандар жер сілкіністі және болған өзге оқиғалардың бәрін көргенде үрейлері ұшып: «Бұл шынымен Құдайдың рухани Ұлы екен!» — деп мойындады. Бірақ Иса еш жауап бермей үндемеді. Бас діни қызметкер Оған тағы да сұрақ қойып:— Сен Мадақталғанның рухани Ұлы — Мәсіхсің бе? — деді. Исаның қарсы алдында тұрған жүзбасы Исаның осылай жан тәсілім еткенін көргенде: «Бұл Адам шынымен Құдайдың рухани Ұлы екен!» — деп мойындады. Көп адамның бойындағы жындар шығып: «Сен Құдайдың рухани Ұлысың», — деп айқайлады. Өзінің Мәсіх екендігін білгендіктеріне бола, Иса жындарға тыйым салып, сөйлетпей тастады. Олардың бәрі:— Сонда Сен Құдайдың рухани Ұлысың ба? — деген сұрақ қойды. Иса:— Менің Сол екенімді өздеріңіз айтып тұрсыздар, — деп жауап берді. Натанайыл (өзін Исаның інжір ағашының қалың жапырағының астынан көре алғанына қайран қалды да):— Ұстаз, Сіз Құдайдың рухани Ұлысыз, Исраилдің Патшасысыз! Соған көзім жетті, — деп жауап берді. Марта:— Иә, Ием, Сіздің пайғамбарлар дүниеге келеді деп алдын ала айтқан Мәсіх — Құдайдың рухани Ұлы екеніңізге сенемін, — деп жауап берді. (Філіп:— Шын жүректен сенсеңіз, болады, — деп жауап берді. Бұған ол:— Мен Исаның Құдайдың рухани Ұлы екеніне сенемін, — деді.) Ал Оның құдайлық қасиетіне келсек, Құдай Оны қайта тірілтуі арқылы Өзінің рухани Ұлы екенін зор құдіретпен дәлелдеді. Ол — Иеміз Иса Мәсіх.
Выбор основного перевода