Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қалаға кіре салысымен оны құрбандық асына кетіп қалмас бұрын тауып алыңыздар. Ол келіп, батасын бермейінше асқа шақырылғандар тамақтан ауыз тимейді. Ал енді, жоғары өрлей беріңіздер, оған әлі де кездесіп қаларсыздар. — Сонда Иса жұртқа жерге жайғасуға бұйырды. Жеті күлше мен балықтарды қолына алып, шүкіршілік етті де, үзіп-үзіп шәкірттеріне бере берді. Олар халыққа үлестірді. Бәрі де тамақтанып, тойып алды.Соңынан қалдықтарды жинап алғанда жеті үлкен себет толды. Әйелдер мен балаларды есептемегеннің өзінде төрт мың ер адам тамақтанған болатын. Иса халықты таратып жіберген соң қайыққа мініп, Мағдала қаласының маңына кетті. Сонда Иса жұртқа жерге жайғасуға бұйырды. Жеті күлшені қолына алып, шүкірлік етті. Оларды адамдарға тарату үшін үзіп-үзіп, шәкірттеріне берді. Олар халыққа үлестірді. Бірнеше кепкен ұсақ балықтары да болды. Иса оларды да алып, шүкірлік етіп, жұртқа үлестіруге бұйырды. Осылай шамамен төрт мыңдай отбасы тамақтанып, тойып алды. Кейін қалдықтарды жинап алғанда, жеті үлкен себет толды. Соңынан Иса халықты таратып жіберді. Осылай шамамен төрт мыңдай отбасы тамақтанып, тойып алды. Кейін қалдықтарды жинап алғанда, жеті үлкен себет толды. Соңынан Иса халықты таратып жіберді. Көп ұзамай Иса шәкірттерін ертіп қайыққа мініп, Далманутаның маңына жөнелді. Олар тамақ ішіп отырғанда, Иса қолына нан алып, шүкірлік етіп бата берді. Нанды үзіп, шәкірттеріне беріп жатып:— Алып жеңдер, бұл — Менің денем, — деді. Дастарқан басына бірге жайғасқан соң Иеміз Иса қолына нанды алып, шүкірлік етіп, үзіп берді.
Выбор основного перевода