Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұдан кейін Иса бір тауға көтеріліп, қалаған адамдарын Өзінің қасына шақырды. Олар таяп келгеннен кейін, араларынан он екісін Өзімен бірге болуға тағайындап, «елшілер» деп атады. Оларды уағыз айтуға жіберді, әрі оларға (ауруларды сауықтырып) жындарды қуып шығару билігін де тапсырды. Исаның тағайындаған он екі елшісі мыналар еді: Өзі Петір деген қосымша ат қойған Шимон; Зебедей ұлдары Жақып пен Жохан, бұл екеуіне Иса «Боанергес», яғни «Жауар күндей күркіреген жігіттер» деген қосымша ат берді; сондай-ақ Әндір, Філіп, Барталмай, Матай, Тома, Әлпей ұлы Жақып, Тадей, Діншіл Шимон және кейін Исаға опасыздық жасаған Яһуда Исқариот. Сол күндері Иса мінажат ету үшін бір таудың басына шығып, түні бойы сиынумен болды. Таң атқан соң шәкірттерін қасына шақырып, араларынан он екісін таңдап алды да, оларды «елшілер» деп атады. Олар: Өзі Петір деген қосымша ат қойған Шимон және оның інісі Әндір; Жақып пен Жохан; Філіп пен Барталмай; Матай мен Тома; Әлпей ұлы Жақып және жұрт Діншіл деп атаған Шимон; Жақып ұлы Яһуда және кейін Исаға опасыздық жасаған Яһуда Исқариот. Жақиядан Иса туралы естіп, Оған ерген екеудің бірі Шимон Петірдің інісі Әндір еді. Ол ең алдымен ағасы Шимонды тауып алып:— Біз Мәсіхтің Өзін таптық! — деді. Ал «Мәсіх» Құдай тағайындаған Құтқарушы Патша дегенді білдіреді. Содан кейін Әндір Шимонды Исаға ертіп келді. Иса Шимонға қарап:— Сен Жоханның ұлы Шимонсың. Бұдан былай Кефа деп аталасың, — деді. Кефа грекше — Петір, яғни «Тас». Келесі күні Иса Ғалилея аймағына бармақшы болды. Иса Філіпті тауып, оған: «Менің шәкіртім болып соңымнан ер», — деді. Філіп те Әндір мен Петір тұратын Бетсайда қаласынан еді. Філіп Натанайылды тауып алып, оған:— Біз Мұса Тауратта жазған, басқа пайғамбарлар да өз жазбаларында айтып кеткен Мәсіхті таптық! Ол — назареттік Жүсіптің ұлы Иса! — деді. Бірақ Натанайыл:— Сол Назареттен не жақсылық шығар дейсің? — деп жауап қатты. Філіп оған:— Келіп, өзің көр! — деді. Иса өзіне қарай келе жатқан Натанайылды көргенде:— Мынау — қулық-сұмдығы жоқ, нағыз исраилдік, — деді. Натанайыл:— Сіз мені қайдан білесіз? — деп сұрады. Иса:— Сені Філіп шақырмай тұрып, інжір ағашының астынан көріп едім, — деді. Натанайыл (өзін Исаның інжір ағашының қалың жапырағының астынан көре алғанына қайран қалды да):— Ұстаз, Сіз Құдайдың рухани Ұлысыз, Исраилдің Патшасысыз! Соған көзім жетті, — деп жауап берді. Қалаға кіргеннен кейін олар өздері қонып жүрген жоғарғы бөлмеге көтерілді. Бұлар Петір мен Жохан, Жақып пен Әндір, Філіп пен Тома, Барталмай мен Матай, Әлпей ұлы Жақып пен Діншіл Шимон және Жақып ұлы Яһуда болатын.
Выбор основного перевода