Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Еліше бұған былай деп жауап берді:— Жаратқан Иенің сөзіне құлақ түріңдер! Жаратқан Ие мынаны айтады: Ертең осы уақытта қала қақпасының жанында бір қапшық таңдаулы бидай ұны да, екі қапшық арпа да бір-ақ мысқал күміске сатылатын болады! Патша қолына сүйеніп жүретін жеке нөкері Құдайдың адамына:— Жаратқан Ие тіпті аспанның қақпаларын айқара ашып тастаса да, мұндай нәрсе қалай бола алады?! — деп сенімсіздік білдірді. Еліше оған:— Сен мұны өз көзіңмен көретін боласың, әйтсе де жей алмайсың! — деп жауап берді. Былай деп қарсы сөйледі Құдайға:«Айдалада Құдай тамақ бере ала ма? Рас, жартасты ұрғанда су тасқындап,Жылғамен аға жөнелді сарқырап,Алайда Ол нан да бере ала ма,Етпен де халқын қамти ала ма?!»
Выбор основного перевода