Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Исаның атағы кең тарағандықтан, Ол туралы Ирод (Антипас) патша да естіді. Кейбір кісілер: «Бұл — шомылдыру рәсімін жасаған Жақия екен. Өлімнен қайта тіріліпті, сол себептен де сондай құдіретті істер жасайды», — десе, басқалары: «Ол — дүниеге қайтып келген Ілияс пайғамбар», — деді. Ал тағы басқалар: «Ол — пайғамбар, ежелде өмір сүрген пайғамбарларға ұқсайды», — деп болжады. Аймақ әкімі Ирод (Антипас) Исаның істегендерінің бәрін естіп, абыржып аң-таң болды. Себебі кейбір кісілер: «Бұл өлімнен қайта тірілген Жақия екен» десе, басқалары: «Ілияс пайғамбар жер бетіне қайтып келіпті» деді. Тағы басқалар: «Ежелде өмір сүрген өзге пайғамбарлардың бірі қайта тіріліпті», — деп болжады.
Выбор основного перевода