Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Иса оларға:— Сенімі аздарым-ай, неліктен соншама қорқасыңдар? — деді де, орнынан тұрып, жел мен көлге тыйым салды. Сонда жым-жырт тыныштық орнады. Иса дереу қолын созып, демеп жіберіп:— Әй, сенімі азым-ай! Неліктен (Менің құдіретіме) күдіктендің? — деді. Екеуі қайыққа мінгенде жел де басылды. Ақыр соңында, кешкі асқа отырған кездерінде, Иса он бір елшісінің өздеріне де көрінді. Оларға қайта тірілген Өзін көргендерге нанбай, қиқарлық танытқандары үшін наразылық білдірді. Иса шәкірттеріне:— Сенімдерің қайда? — деді. Олар үрейленіп, аң-таң болып, біріне-бірі: «Тіпті жел мен суға да бұйрық беретін Бұл кім Өзі? Олар Оған бағынады ғой!» — десті.
Выбор основного перевода