Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Орақтарыңмен орыңдар, өйткені өнім дайын. Келіп, жүзімді басып сығыңдар, өйткені сыққыш өнімге толып тұр, енді күбілер шырынға толмақ. Себебі сол адамдардың зұлымдығы шектен асып кетті. Содан соң қарасам, бір нұрлы бұлтты көрдім. Бұлттың үстінде адам баласына ұқсайтын Біреу отырды. Ол басына алтын тәж киіп, қолына өткір орақ ұстапты. Мұнан кейін көктегі киелі үйден бір ерекше періште шығып, қатты дауыспен бұлттың үстінде отырған Билеушіге мынадай хабар жеткізді: «Орағыңды қолданып, егінді орып ала гөр. Жер бетіндегі егістік пісіп тұр, енді өнімді жинайтын уақыт болды». Сонда бұлт үстінде отырған Билеуші жерге қарай орағын сілтеп қалғанда, жердегі өнім орыла кетті.
Выбор основного перевода