Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
От Марка
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Естеріңде болсын: Мен сендерге жыландар мен шаяндарды таптап басып, жаудың барлық күшін жеңетін билік бердім. Енді сендерге еш нәрсе де зиянын тигізе алмайды. Осы кезде Петір елші бүкіл елді аралап жүрген болатын. Содан ол Лүддаға ылдилап барып, сонда тұратын, Құдайға бағышталған сенушілерге де соқты. Сол жерде ол сегіз жыл бойы сал болып жатқан Әней есімді кісіні көрді. Петір оған: «Әней, Құтқарушы Мәсіх Иса сені сауықтырады! Тұр да, төсегіңді жина!» — деді. Ол сол сәтте-ақ орнынан түрегелді. Лүдда қаласы мен Шарон жазығының күллі тұрғындары Әнейдің сауығып, жүріп кеткенін көрді. Содан олар теріс жолдарынан қайтып, Иеміздің жолына түсті. Пауыл бір құшақ отындық ағаш жинап әкеліп, отқа тастағанда, шыбықтардың арасынан ыстыққа шыдамаған бір улы жылан атып шығып, оның қолынан тістеп, жабысып алды. Жергілікті тұрғындар оның қолындағы салбыраған жыланды көргенде бір-біріне: «Мынау сөзсіз кісі өлтірген бір қанішер болар. Теңізден құтылған оны «әділет тәңірі» тірі қалдырмас», — деді. Бірақ Пауыл жыланды отқа лақтырып жіберіп, ешқандай зиян шекпеді. Айнала тұрғандар енді Пауылдың денесі ісіп кетеді немесе өліп, жерге бір-ақ құлайды деп, едәуір уақыт күтіп тұрды; бірақ оған ештеңе болмағанын көрген соң, ойларын өзгертіп: «Мынау бір тәңір болар!» — десті. Публидің әкесі ыстығы көтеріліп, іші өтіп, төсек тартып ауырып жатыр екен. Пауыл оның бөлмесіне барып, Құдайға сиынып, үстіне қолын қойды да, ауруынан сауықтырып жіберді. Содан кейін тағы басқа ауырып жүрген, осы туралы естіген арал тұрғындары да Пауылға келіп, айығып кетіп жатты. Қайсыбіреуің ауырып қалса, қауым жетекшілерін шақыртсын. Олар соның маңдайына Жаратқан Иенің атынан май жағып, оның үстіне қолдарын жайып сиынсын. Сеніммен сиынғандарыңа бола Иеміз науқастың денсаулығын қайтадан қалпына келтіріп, сауықтырмақ. Егер ол күнә жасаған болса, кешірілмек.
От Марка
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Выбор основного перевода