Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Мен сол түні көріп жатқан көріністерде кенеттен адам баласына ұқсайтын Біреудің аспандағы бұлттармен келе жатқанын байқадым. Ол мәңгі жасап келе жатқан Тәңір Тағалаға жақындап келіп, Оның алдына әкелінді. Оған құдірет, салтанатты ұлылық және патшалық билік тапсырылды. Барлық халықтар, ұлттар және тілдердің адамдары Оған бой ұсынып құрмет көрсетуге тиіс болды. Ол ешқашан өшпейтін мәңгілік билік құрады, Оның патшалығы еш уақытта жойылмайды! Себебі Мен періштелерімді ертіп Әкемнің салтанатты ұлылығымен Билеуші ретінде көктен қайтып келген кезімде әркімге істеген істеріне қарай сыйын беремін. Себебі кім осы опасыз, күнәкар ұрпақ арасында Мені және айтқан сөздерімді танудан бас тартса, Мен де Билеуші ретінде Әкемнің салтанатты ұлылығымен Оның қасиетті періштелерін ертіп көктен қайтып келген кезімде сол адамды танудан бас тартамын. Иса:— Мен Солмын. Менің Билеуші ретінде Құдірет Иесінің оң жағында отырғанымды әрі аспандағы бұлттармен келе жатқанымды әлі көретін боласыздар! — деп жауап берді. Өйткені Иеміздің Өзі көктен түсіп, бұйрық береді, әрі бас періште шақырып, Құдайдың кернейі қатты дауыстайды. Сонда ең алдымен Мәсіхке сеніп бұ дүниеден кеткендер қайта тіріледі. ал қиналып жүрген сендерге бізбен бірге тыныштық бермек.Бұл, Иеміз Иса Мәсіх құдіретті періштелерімен бірге жалындаған отпен көктен түсіп келгенде болады. Сол күні Иеміз келеді де, Өзіне бағышталған адамдарына жасаған игіліктері үшін зор мақтанышқа бөленіп, Өзіне сенген олардың бәрін қайран қалдырады. Сендер де солардың ішінде боласыңдар, өйткені біз әкелген Ізгі хабарға сендіңдер. Біліп алыңдар, Мәсіх бұлттармен қайтып келеді!Әркім де, Оны түйрегендер де Мәсіхті көзімен көреді,Жер бетіндегі барлық рулар үрейленеді,Ол туралы қайғырып, жылап еңірейді.Иә, ол солай болады да! Аумин.
Выбор основного перевода