Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Билеуші бір «жеті кезеңге» халықтың көпшілігімен келісім жасап бекітеді. Сол бір «жеті кезеңнің» ортасында ол Құдай Тағалаға арнап құрбандық пен сый-тарту ұсынуды тоқтатады әрі ғибадатхананың бір бөлігінде қаңырап бос қалдыратын жиренішті бір нәрсені орнатқызады. Зұлым билеушіге белгіленген қаһарлы жаза оның басына төгілгенше осы жиренішті нәрсе сол жерде тұра беретін болады. Бірақ оның жіберген жасақшылар бөлімі қамалмен бекінген киелі үйге басып кіріп, оны арамдайды. Олар Құдайға арналған күнделікті құрбандық шалуды тоқтатып, киелі үйде оны қаңыратып бос қалдыратын жексұрын нәрсені орнатады. Ал өзің, Даниял, осы сөздерді жақсылап сақтап, сол заманның соңына дейін кітапты мөрлеп бекітіп қой. Көптеген адам оны мұқият қарап шығып, білімдері молая түсетін болады. — (Маған келген хабаршы айтқандарын осылай тамамдады.) Көптеген адам осы ауыр сынақтардан өтіп, тазарып, мінсіз болады. Алайда зұлымдар күнә жасауларын жалғастыра береді. Солардың ешқайсысы хабарды түсінбейді, тек даналар ғана оның мағынасын ұғатын болады. Күнделікті құрбандық ұсыну доғартылып, киелі үйді арамдап бос қалдыратын жексұрын нәрсе сол жерде орнатылғаннан кейін бір мың екі жүз тоқсан күн өтеді. Ол Құдайға және Оның ұлылығын білдіретін бар нәрсеге қарсы тұрып, өзін олардан жоғары қояды, тіпті Құдайдың киелі үйінде отырып алып, өзін «құдаймын» деп жариялайды. Ол аранын ашып, Құдайды, Оның есімін, киелі үйін және көкте мекендейтіндерді балағаттап қорлай бастады. зор кереметтер көрсетуге билікті болды: ол тіпті адамдардың көз алдында көктен жерге от түсірді. Алғашқы айуанның алдында жасаған осы кереметтері арқылы ол күнәкар адамзатты түгел алдап, азғырып теріс жолға салды. Оларға семсерден жарақаттанғанмен аман қалған алғашқы айуанның құрметіне мүсін жасауды тапсырды. Екінші айуанға осы мүсінге өз рухын енгізетін күш-қуат берілді. Осылайша мүсін тіпті сөйлеп, өзіне табынбайтындардың бәрін өлтірте алатын болды. Айуан барлық адамдарды: үлкенді-кішілі, бай-кедей, құл-еріктіні не оң қолын, не маңдайын таңбалауға мәжбүр етті. Алайда айуан және оған қызмет етіп кереметтер көрсеткен жалған пайғамбар екеуі де кенеттен тұтқынға алынды. Сол бір таңғажайып кереметтер арқылы жалған пайғамбар айуанның таңбасын қабылдап, оның мүсініне құлшылық еткендерді еліктіріп, алдап жүрген болатын. Айуан мен жалған пайғамбар екеуі де күкірт жанып жатқан, мәңгі сөнбейтін отты көлге (яғни тозақ отына) тірідей лақтырылды.
Выбор основного перевода