Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Жақияның жіберген адамдары қайтып кеткеннен кейін, Иса жұртқа Жақия туралы былай деп айта бастады:— Сендер айдалаға нені көруге бардыңдар? Жел тербеткен бір қамысты ма? (Жақия ондай емес!) Тегі, нені көруге бардыңдар? Қымбат киім киген біреуді ме? Жоқ, қымбат киім киіп, молшылықта өмір сүріп жатқандар патша сарайларында тұрады ғой. Сонда нені көруге бардыңдар? Бір пайғамбарды ма? Иә, сендерге айтамын: Жақия тіпті пайғамбардан да артық! Киелі жазбада Құдайдың мынадай сөздері бар: Біліп ал, Мен алдыңнан хабаршымды жіберемін. Ол жүретін жолыңды дайындап қояды. Мұндағы хабаршы — Жақия. Сендерге шындығын айтайын: адам баласы атаулының ішінде Жақиядан жолы үлкен ешкім болған емес. Бірақ Құдайдың Патшалығындағы ең қарапайым деген адамдардың жолы онікінен үлкен. Мұны тыңдаған бүкіл халық, тіпті салықшылар да Құдайдың әділдігін мадақтады. Олар Жақия пайғамбар орындаған шомылдыру рәсімінен өткен болатын. Алайда парызшылдар және Таурат заңын үйретуші ғұламалар бұл рәсімнен өтпей, Құдайдың өздеріне арнаған мақсатын қабылдамады. Иеміз Иса тағы былай деді:— Ендеше қазіргі ұрпақтың адамдарын кімге ұқсатайын, олар кімге ұқсас? Олар тентек балаларға ұқсайды. Солар далада отырып, бір-біріне айқайласып:«Сендер үшін сыбызғы тартсақ та, би билемедіңдер,Сосын жоқтау айтсақ та, жылап еңіремедіңдер!»— деп шағымданады. Өйткені шомылдыру рәсімін жасаған Жақия пайғамбар келгенде, кәдімгі тамақтарды ішіп-жемеді. Сендер оны «жынды» дейсіңдер. Ал Мен, көктен келген Билеуші, кәдімгі тамақтарды ішіп-жеймін. Сонда сендер: «Мынау тамақ жеп, шарап ішуді жақсы көреді және салықшылармен, күнәкарлармен дос болып жүр!» деп жамандайсыңдар. Алайда даналықтың игілігі оны қабылдағандардың ізгі істерімен дәлелденеді, — деді. Исаны бұрын шынымен танымайтын едім. Бірақ мені шомылдыру рәсімін орындауға жіберген Құдай маған: «Сен Киелі Рухтың Біреуге қонғанын көргенде, Киелі Рухқа Шомылдырушының Соның Өзі екенін білесің» деген болатын.
Выбор основного перевода