Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Сол кезден бастап Иса Өзінің Иерусалимге баруға тиісті екенін ашық білдіре бастады:— Ол жерде Мен рубасылар, басты діни қызметкерлер мен дін мұғалімдерінен көп азап шегуге тиіспін: Менің өлтірілуім, бірақ содан кейінгі үшінші күні қайтадан тірілуім де қажет! — деді. Сол секілді басты діни қызметкерлер де дін мұғалімдерімен және рубасыларымен бірге Оны мазақтап: Мұнан кейін оларға былай деп тәлім бере бастады:— Көктен келген Билеуші, Мен, көп азап шегуге тиіспін: рубасылар мен басты діни қызметкерлердің және дін мұғалімдерінің Өзімнен бас тартулары әрі Менің өлтірілуім, бірақ содан кейінгі үшінші күні қайта тірілуім де қажет! Иса әлі де осыны айтып тұрғанда, он екі елшінің біреуі — Яһуда семсер мен сойыл ұстанған бір топ адамды сол жерге ертіп келді. Бұларды басты діни қызметкерлер, дін мұғалімдері және рубасылары жіберген болатын. Қарулы топ Исаны бас діни қызметкердің сарайына апарды. Сол жерге барлық басты діни қызметкерлер, рубасылар және дін мұғалімдері жиналды. Таң атысымен-ақ басты діни қызметкерлер, рубасылар және дін мұғалімдері, яғни бүкіл Жоғарғы кеңес, ақылдасып, шешім қабылдады. Олар Исаны байлатып, римдік әмірші Пилатқа алып барып, табыс етті. Оларға тағы былай деді:— Көктен келген Билеуші — Мен көп азап шегуге тиіспін: рубасылар, басты діни қызметкерлер және дін мұғалімдері Өзімнен бас тартулары әрі Менің өлтірілуім, бірақ содан кейінгі үшінші күні қайта тірілуім де қажет! Таң атқанда рубасылар, басты діни қызметкерлер және дін мұғалімдері Жоғарғы кеңеске жиналды. Исаны кеңестің алдына әкелдіріп,
Выбор основного перевода