Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне берік қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады. Ал сендер: «Неге?» деп сұрайсыңдар. Өйткені сендер жастай үйленген әйелдеріңе адал болмай, өмірлік жар боламын деп берген серттеріңнен тайдыңдар. Бірақ сендердің әйелдеріңмен жасаған келісімдеріңе Жаратқан Иенің Өзі куә болған еді. Құдай ерлі-зайыптыны біртұтас болуға жаратпады ма? Олар жан-тәндерімен Оның меншігі. Құдай сендерден нені қалайды? Ол құдайшыл ұрпақтардың өсіп-өрбуін қалайды. Сонымен әрқайсың жан дүниелеріңді таза сақтап жүріңдер! Ешқайсың жастай некелескен әйелдеріңе опасыздық жасамаңдар! Әлде жезөкшемен жақындасқан кісінің онымен біртұтас болатынын білмейсіңдер ме? Себебі Тауратта «Екеуі біртұтас болады» делінген ғой. «Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады», — деп (Тауратта) жазылған. Осында терең сыр бар, мен мұны Мәсіхке және қауымға байланысты айтамын.
Выбор основного перевода