Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Сол жердегі парызшылдар Исаның қасына келіп, Онымен айтыспақшы болды. Оның билігін сынау үшін көктің құдіретімен бір кереметті көрсетуін талап етті. Сол діндарлар Исаны сынап, айыптайтын сылтау табу үшін осыны айтқан еді. Бірақ Ол еңкейіп, саусағымен жерге жазып, оларға көңіл бөлмеді. Басқа жұптарға Иеміз емес, өзім былай деймін: бір бауырласымыз Мәсіхке сенбейтін әйелге үйленген болса және әйелі онымен бірге қалуға келіссе, онда ол ажыраспауға тиіс. Сол сияқты, сенуші әйелдің сенбейтін күйеуі онымен бірге қалуға келіссе, онда әйелдің де ажырасуына болмайды. Себебі сенбейтін еркек сенуші әйелінің арқасында және сенбейтін әйел сенуші күйеуінің арқасында Құдайдың қасиетті әсерінің аясында болады. Әйтпесе балаларың құдайсыздардың балалары іспетті болар еді. Керісінше, олар да Құдайдың қасиетті әсерінің аясында. Алайда егер сенбейтін жұбайы ажырасқысы келсе, ажырассын. Мұндай жағдайда оның сенуші жұбайы некеде қалуға мәжбүр емес. Қайтсе де, Құдай біздерді татулықта тұруға шақырған болатын. Мүмкін сен, әйел, күйеуіңді құтқарылуға алып келерсің, немесе сен, күйеу, әйеліңді құтқарылуға әкелетін шығарсың, соны анық білмейсің ғой!
Выбор основного перевода