Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
От Марка
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
әрі сол киімге, былғарыға немесе есілген не иірілген жіптен тоқылған матаға түскен зақымданудың түсі жасыл немесе қызыл болса, онда бұл — зеңнің белгісі. Зақымданған бұйымды діни қызметкерге көрсету керек. — Жұқпалы тері ауруымен ауырған адамның тазаруы туралы заң мынау: адам жазылған кезде діни қызметкерге көрінуі керек. Сонда діни қызметкер ел қонысының сыртына шығып, адамды қарап шықсын. Егер ол адамның тері ауруынан жазылғанын анықтаса, онда ол сол адамға тазару рәсімін орындау үшін екі тірі адал құсты, біраз самырсын ағашын, қырмызы жіп пен сайсағыз бұтақшасын әкелуге бұйырсын. Діни қызметкер екі құстың бірін таза су құйылған қыш құмыраның үстінде шалуға бұйырсын. Діни қызметкер тірі құсты қолына ұстап алып, самырсын ағашымен, қырмызы жіппен және сайсағыз бұтақшасымен бірге таза су үстінде шалынған құстың қанына малып алсын. Діни қызметкер жұқпалы тері ауруынан тазару рәсімінен өтіп жатқан адамға қанды жеті рет бүріксін. Содан соң оны таза деп жарияласын. Ал тірі құсты далаға босатып жіберсін. Тазару рәсімінен өтіп жатқан адам киімдерін жақсылап жуып, денесіндегі шашы мен түгін түгел қырып алып тастап, сумен жуынып тазарсын. Осыдан кейін оған ел қонысына кіруге болады, бірақ жеті күн бойы үйінің сыртында тұруға тиіс. Жетінші күні ол шашын, сақалын, қастарын және денесіндегі бар түкті түгелдей қырып алып тастасын. Адам киімдерін жақсылап жуып, денесін де сумен жусын, содан кейін таза болып саналады. Ауруынан сауыққан адам сегізінші күні мінсіз екі еркек тоқты мен бір жасар ұрғашы тоқтыны әкелсін. Ол, сондай-ақ, астық тартуына арнап пұттың оннан үш бөлігіндей мөлшердегі зәйтүн майымен араластырылған таңдаулы бидай ұнын және бір шағын құмыра зәйтүн майын да дайындасын. Діни қызметкер тазару рәсімінен өтіп жатқанның өзін және оның әкелген тартуларын кездесу шатырының кіреберісіне алып келіп, Жаратқан Иеге ұсынсын. Діни қызметкер еркек тоқтылардың бірін айыпты өтейтін құрбандық ретінде шалсын. Бір шағын құмыра зәйтүн майын да алып, бәрін Жаратқан Иенің алдында әрі-бері тербеп ұсынсын. Діни қызметкер екінші еркек тоқтыны күнәнің құнын өтейтін құрбандық пен түгелдей өртелетін құрбандықтар шалынатын киелі орында шалсын. Күнәнің құнын өтейтін құрбандық сияқты, айыпты өтейтін құрбандық та діни қызметкерге тиісті; ол Жаратқан Иеге бағышталған ерекше киелі. Бұдан кейін діни қызметкер айыпты өтейтін құрбандықтың біраз қанын алып, тазару рәсімінен өтіп жатқан адамның оң құлағының сырғалығына, оң қолының бас бармағына және оң аяғының үлкен башпайына жақсын. Діни қызметкер зәйтүн майы құйылған шағын құмырадан біраз майды өзінің сол жақ алақанына құйып, оң қолының бір саусағын соған малып алсын да, оны Жаратқан Иенің алдында жеті рет бүріксін. Діни қызметкер алақанында қалған майынан тазару рәсімінен өтіп жатқан адамның оң құлағының сырғалығына, оң қолының бас бармағы мен оң аяғының үлкен башпайына жағылған қанның үстіне жақсын. Алақанындағы майдың қалған бөлігін діни қызметкер тазару рәсімінен өтіп жатқан адамның басына жақсын. Осылайша ол Жаратқан Иенің алдында адамды арамданған күйінен тазартады. Содан соң діни қызметкер күнәнің құнын өтейтін құрбандықты шалып, тері ауруынан жазылған адамға арамданған күйінен тазарту рәсімін қайтадан жасасын. Осыны істеп болған соң діни қызметкер түгелдей өртелетін құрбандықты шалып, оны астық тартуымен бірге құрбандық үстелінде өртеп жіберсін. Бұларды тері ауруынан жазылған адамды арамданған күйінен тазарту үшін ұсынсын. Осылайша адам таза болып саналады. Ал егер ауруынан жазылған адам кедей болып, құрбандыққа екі тоқты шалуға жағдайы көтермесе, ол бір еркек тоқтыны ғана айыпты өтейтін құрбандық ретінде, зәйтүн майымен араластырылған, пұттың оннан бір бөлігіндей мөлшердегі таңдаулы бидай ұнын астық тартуы ретінде және бір шағын құмыра зәйтүн майын алып келсін. Айыпты өтейтін құрбандық адамды арамданған күйінен тазарту үшін әрі-бері тербеліп ұсынылады. Адам, сондай-ақ, өзінің әл-ауқатына қарай екі орман кептерін немесе екі жас көгершінді де әкелсін. Олардың біреуі күнәнің құнын өтейтін, екіншісі түгелдей өртелетін құрбандыққа шалынсын. Тазару рәсімінің сегізінші күні сол адам осылардың бәрін Жаратқан Иеге ұсыну үшін кездесу шатырының кіреберісіне діни қызметкерге алып келсін. Діни қызметкер айыпты өтейтін құрбандық ретінде бір тоқтыны және бір шағын құмыра зәйтүн майын алсын да, оларды Жаратқан Иенің алдында әрі-бері тербеп ұсынсын. Діни қызметкер бұл тоқтыны айыпты өтейтін құрбандық ретінде шалсын. Содан ол құрбандықтың біраз қанын алып, тазару рәсімінен өтіп жатқан адамның оң құлағының сырғалығына, оң қолының бас бармағына, оң аяғының үлкен башпайына жақсын. Діни қызметкер зәйтүн майы құйылған құмырадан біраз майды өзінің сол жақ алақанына құйып, оң қолының бір саусағын соған малып алсын да, оны Жаратқан Иенің алдында жеті рет бүріксін. Алақанында қалған майынан тазару рәсімінен өтіп жатқан адамның оң құлағының сырғалығына, оң қолының бас бармағына, оң аяғының үлкен башпайына жағылған қанның үстіне жақсын. Діни қызметкер алақанындағы майдың қалған бөлігін тазару рәсімінен өтіп жатқан адамның басына жағып Жаратқан Иенің алдында сол адамды арамданған күйінен тазарту рәсімінен өткізсін. Мұнан кейін діни қызметкер сол адамның әл-ауқатына қарай әкелген орман кептерлерін немесе жас көгершіндерін, біріншісін күнәнің құнын өтейтін, екіншісін түгелдей өртелетін құрбандықтар ретінде шалсын. Діни қызметкер оларды астық тартуымен қоса Жаратқан Иеге сол адамды арамданған күйінен тазарту үшін ұсынсын. Жұқпалы тері ауруымен ауырған және өзі үшін тазару рәсімін құрбандыққа мал шалып жасауға жағдайы көтермейтін адамға арналған ережелер осындай. Бұдан кейін Иса бүкіл Ғалилея аймағын аралап жүріп, мәжілісханаларында уағыз айтты, әрі адамдардың бойындағы жындарды қуып шығарды.
От Марка
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Выбор основного перевода