Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
От Марка
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Бұдан кейін Иса бүкіл Ғалилея аймағын аралап жүріп, мәжілісханаларында тәлім берді. Құдай Патшалығы туралы Ізгі хабарды уағыздап, адамдарды барлық ауру-сырқауларынан сауықтырды. Көптеген адамдар қиямет соты күні Маған: «Уа, Тақсыр Ие, Сенің атыңмен біз жұртқа Құдайдың хабарын жеткізбедік пе? Сенің атыңмен жындарды қуып шығарып, көптеген кереметтер жасамап па едік?» — деп жалынатын болады. Бірақ Иса жынға:— Үніңді өшір, шық одан! — деп қатаң бұйырды. Иса алуан түрлі аурулармен азап шеккен талай науқастарды сауықтырып, көптеген жындарды қуып шығарды. Өзінің Мәсіх екенін жындар білгендіктен, Иса оларды сөйлетпей тастады. «Байқа, бұл туралы ешкімге де тіс жарушы болма! Бірақ діни қызметкерге барып, қарал. Содан кейін Мұса пайғамбар бұйырған тазару рәсіміне арналған құрбандықты ұсын. Бұл жұртқа сенің сауыққаныңның дәлелі болады». Алайда Иса оларға Өзінің кім екенін жариялауға қатаң тыйым салды. Ал Иса оларға бұл туралы ешкімге тіс жармауды қатты ескертті де, «Оған тамақ беріңдер!» — деп бұйырды. Иса жұртқа бұл туралы тіс жармауға бұйырды. Алайда Ол неғұрлым қатаң тыйым салғанмен, халық болған оқиғаны соғұрлым кеңірек жариялады. Иса оған:— Мына ауылға кірме (ондағы ешкімге болған оқиға туралы тіс жарма)! — деп ескертіп, үйіне қайтарып жіберді. Қыз Пауыл мен бізден қалмай: «Мына кісілер — Құдай Тағаланың құлдары, олар сендерге құтқарылу жолын уағыздайды!» — деп айқайлап жүрді. Ол бірнеше күн осылай етті. Ақырында Пауыл ашуланып, артына бұрылып, жынға: «Иса Мәсіхтің атынан саған бұйырамын: шық оның бойынан!» — деді. Сол сәтте-ақ жын қыздан шығып кетті. Алайда бірде жын бұларға жауап беріп:— Исаны білемін, Пауыл да маған таныс, ал сендер кімсіңдер? — деді.
От Марка
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Выбор основного перевода