Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол кезде олар Иерусалимге көтерілетін жолмен өрлеп бара жатты. Иса алдарында жүрді, ал шәкірттері абыржып, Оның соңынан ерген халық та қорқып келе жатты. Иса қайтадан он екі елшісін қасына шақырып алып, оларға (Өзінің басынан өткізетіндері туралы) айта бастады: Мұнан кейін Иса Иерусалим қаласына қарай сапар шегіп бара жатып, жолындағы қалалар мен ауылдарды аралай жүріп, жұртқа тәлім берді. Иса Иерусалим қаласына сапар шегіп бара жатқанда Самария мен Ғалилея аймақтары арқылы жүрді. Иса он екі шәкіртін қасына шақырып алып, оларға (Өзінің басынан өткізетіндері туралы) былай деді:— Енді Иерусалимге өрлеп бара жатырмыз. Пайғамбарлардың көктен келген Билеуші туралы алдын ала жазып кеткендерінің бәрі сол жерде орындалады: Халық тыңдап отырғанда Иса бір астарлы әңгімені қоса айтып берді. Себебі Өзі Иерусалимге жақындап қалғандықтан, олар: «Жуырда Құдай өз Патшалығын жерде орнатады» деп ойлады. Иса осыны айтып болған соң, шәкірттерін ертіп Иерусалим қаласына бет алып өрлеп жүріп кетті.
Выбор основного перевода