Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ақша салатын қалта, жолдорба, артық аяқкиім алмаңдар. Жолда біреуге сәлем береміз деп кідіріп те қалмаңдар. Содан кейін Иса шәкірттеріне:— Мен сендерді жолға ақша салатын қалта да, жолдорба да, артық аяқкиім де алғызбай жұмсап жібергенімде, бір нәрседен мұқтаждық көрдіңдер ме? — деген сұрақ қойды. Олар:— Жоқ, еш нәрседен мұқтаждық көрген жоқпыз, — деп жауап қайтарды. Қай жауынгер өз жалақысын өзі төлейді? Қай бағбан жүзімдік егіп, жемісін жемейді? Қай малшы мал бағып, сүтін ішпейді? Сол сияқты, Иеміз Ізгі хабарды уағыздаушылардың осы қызметтерімен күндерін көруіне әмір еткен. Бір үйге кіргенде әуелі: «Осы үйге амандық пен тыныштық болсын!» деп бата беріңдер.
Выбор основного перевода