Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол жерде алысырақтан қарап тұрған көптеген әйелдер де болды. Олар Исаға қызмет етіп, Ғалилеядан еріп келгендер еді. Бұдан кейін Иса:— Атың кім? — деп сұрағанда, ол:— Атым — «Үлкен топ», себебі біз көппіз, — деп жауап берді. Сол жерде алысырақтан қарап тұрған әйелдер де болды. Араларында мағдалалық Мәриям, кіші Жақып пен Жүсіптің шешесі Мәриям және Салома бар еді. Иса жексенбі күні таң сәріде қайта тірілгеннен кейін ең алдымен мағдалалық Мәриямға көрінді. Бір кезде Иса оның бойынан жеті жынды қуып шығарған болатын. Содан жын барып, өзінен бетер жауыз тағы жеті жынды ертіп келіп, үйге кіріп, сонда тұрып қалады. Осылайша әлгі адамның кейінгі жағдайы бұрынғысынан да мүшкіл болады. Исаның барлық таныстары және Ғалилеядан еріп келген әйелдер алысырақ жерден осылардың бәріне қарап тұрды.
Выбор основного перевода