Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Мәриям осы сөздердің барлығын көңіліне түйіп, есіне сақтады. Бірақ Иса оған:— Құдай сөзін естіп, оны орындайтындар одан бетер бақытты! — деді. Осындай бұйрық алған түрме бастығы екеуін ішкі зынданға тастап, аяқтарын ағаш қысқыштармен бұғаулап қойды. Құдайдың айтқандарын құр естуші ғана болмай, оларды іске асырушы болыңдар! Әйтпесе өздеріңді-өздерің алдайсыңдар. Ендеше, бауырластарым, Иеміз қайтып келетін кезге дейін шыдаңдар. Диқанға қараңдаршы: ол егіндік жерінен алатын құнды өнімін тосып, оны күзгі және көктемгі жаңбырдың суғаруын төзімділікпен күтеді. Тәңір алдында игілікті істерінен таймай, ұлылыққа, құрметке және өз есімін мәңгі өшірмеуге тырысқан кісіге Ол мәңгілік өмір сыйлайды. Құдайдың еркін орындап, Оның уәде еткенін иемдену үшін төзімді болуларың қажет. Сен Менің азаптарда төзімділік таныту туралы бұйрығымды орындап келгендіктен, Мен сені осы дүниенің адамдарын тексеруге арналған, бүкіл жер бетінде болатын азапты сынақ кезінде қорғаймын.
Выбор основного перевода