Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өйткені Ол сөз айтқанда орындалды,Бұйрық бергенде бар болып, берік тұрды. Шәкірттері Исаға жақындап, Оны оятып:— Ұстаз! Ұстаз! Құритын болдық! — деп айқайлады. Иса орнынан тұрып, жел мен толқындардың долдануына тыйым салды. Олар басылып, тыныштық орнады. Иса:— Маған қолын тигізген кім? — деп сұрады. Ешкім де мойындамаған соң, Петір мен оның қасындағылар:— Ұстаз! Халық Сізді қаумалап қыспақтап тұр ғой. Ал Сіз: «Маған қолын тигізген кім?» дейсіз бе?! — деді. Сол екеуі Исаның қасынан кете бастағанда, Петір Оған: «Ұстаз, бұл жерде болғанымыз қандай жақсы! Біреуін Сізге, біреуін Мұсаға, біреуін Ілиясқа арнап үш күрке құрайық», — деп ұсынды. Ол өзінің не айтқанын ұққан да жоқ. Сонда Жохан:— Ұстаз, Сіздің атыңызбен адамдардың жындарын қуып шығарып жатқан біреуді көрдік. Оған тыйым салдық. Ол бізбен бірге Сізге еріп жүрген жоқ қой, — деді. қатты дауыстап:— Иса, Ұстаз, бізге қайырым қыла көріңіз! — деп жалынды.
Выбор основного перевода