Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өздеріңе жаңа жүрек сыйлап, бойларыңа жаңа рух дарытамын. Көкіректеріңнен тас жүректі алып тастап, орнына сезімтал жүрек сыйлаймын, Сонымен, біреу Мәсіхпен тығыз байланыста болса, сол — жаңадан жаратылған адам. Ескі өмірі өтіп кетіп, міне, жаңасы пайда болды! Мұны екіжүзділікпен кіріп кеткен жалған «бауырластар» ғана талап етті. Олар Иса Мәсіхтің жолындағы біздің рухани еркіндігіміздің ізіне түсіп, Таурат заңына бағындыру үшін қауымдарға ұрланып еніп алған еді. алғашқыда Петір сүндеттелмеген басқа ұлттық сенушілермен дастарқандас болып жүрген еді. Алайда (Иерусалимдегі қауымның жетекшісі) Жақыптан бірқатар яһудилер келгеннен кейін, Петір басқа ұлттық сенушілерден тартыншақтап, алшақтай бастады. Себебі ол сүндеттеуді талап ететін әлгі яһудилер жақтырмай жүрер деп қаймықты. Ал енді Құдайды жақыннан танып алғаннан кейін, дұрысын айтқанда, Құдай сендерді танып, Өзімен жақын байланыста болуға шақырғаннан кейін, қалай ғана кері айналып, қайтадан әлсіз де бейшара, бастапқы діни ілімдерге бет бұрасыңдар? Соларға тағы да құл болып жүргілерің келе ме? Мәсіх бізді еркін өмір сүрсін деп азат етті. Енді табанды болып, құлдықтың қамытын қайта кимеңдер! Өйткені сүндеттелгендердің өздері Таурат заңын орындамайды, тек тәндеріңе жасаған сол рәсімге мақтанулары үшін сендердің сүндетке отыруларыңды қалайды. туғаннан кейін сегізінші күні сүндеттелдім. Исраил халқының Бунямин руына жататын, таза еврей тұқымынан шыққан евреймін. Тәлімім бойынша Тауратты қатаң ұстанатын парызшыл болып, қауымның Басы — Иеміз Мәсіх туралы ілімді ұстанбайды. Ал өзара буындармен, сіңірлермен нығайып, тұтасқан тәндік дененің өсуін бастың басқаратыны сияқты, бүкіл қауымның Құдайдың қалағанындай рухани өсуін де Мәсіх басқарады. Денені шынықтырудың біраз пайдасы бар, ал Құдайға ұнамды жүру барлық жағынан да пайдалы: Құдайдың уәдесі бойынша ол осы және болашақ өмірде де игілікті. Алайда (Еремия пайғамбар) халқының айыбын әшкерелегенде былай деген:«Жаратқан Ие мынаны айтады: Біліп алыңдар, Мен Исраилдің және Яһуданың үрім-бұтақтарымен Жаңа Келісім жасайтын уақыт келеді. Түрлі бөтен ілімдерге ілесіп кетпеңдер! Жан дүниеміздің Құдайдың рақымымен нығаюы игі. Бұған ішіп-жеуге болатын тағамдар туралы діни ережелердің қатысы жоқ. Мұндайларды ұстанғандар олардан еш пайда таппайды. Сонда тақта Отырған:— Енді бәрін де жаңадан жаратамын, — деді. Ал маған қарап: — Мұны жазып қой, бұл сөздер сенуге тұрарлық шынайы! — деп қосты.
Выбор основного перевода