Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Иса оларға:— Сенімі аздарым-ай, неліктен соншама қорқасыңдар? — деді де, орнынан тұрып, жел мен көлге тыйым салды. Сонда жым-жырт тыныштық орнады. Иса тұрып, желге тыйым салып, көлге де: «Тына қал, басыл!» — деп бұйырды. Сонда дауыл басылып, жым-жырт тыныштық орнады. Иса әйелдің қасына барып, қызуға тыйым салды. Сонда қызуы басылып, әйел дереу орнынан тұрып, оларды күтіп қызмет ете бастады. Көп адамның бойындағы жындар шығып: «Сен Құдайдың рухани Ұлысың», — деп айқайлады. Өзінің Мәсіх екендігін білгендіктеріне бола, Иса жындарға тыйым салып, сөйлетпей тастады. Шәкірттері Исаға жақындап, Оны оятып:— Ұстаз! Ұстаз! Құритын болдық! — деп айқайлады. Иса орнынан тұрып, жел мен толқындардың долдануына тыйым салды. Олар басылып, тыныштық орнады.
Выбор основного перевода