Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Маған Жаратушы Тәңір Ие Өзінің Рухын қондырды. Жаратқан Ие мені жарлыларға ізгі хабар жеткізуге және жаралы жүректерді жұбатып орнықтыруға тағайындады, сондай-ақ тұтқындарға босатылатындарын, бұғаудағыларға азат болатындарын жар салуға жіберді. Жоқ, Маған ұнайтын ораза мынадай: зұлымдықпен бұғауланғандардың кісендерін үзіп, құлдықтың шынжырларын шешу және зорлық көріп жатқандарды азат етіп, езгі атаулыны жойып жоқ қылу! Міне, Менің таңдап алған Қызметшім,Ол — жаным рақат табатын Сүйіктім!Оған қондырамын Мен өз Рухымды,Ол халықтарға жариялайды әділ үкімді. Сонда Иса жіберілген кісілерге:— Сендер көріп-естігендеріңді Жақияға барып, айтып беріңдер: соқырлар көріп, сал болғандар жүріп, алапестер құлантаза сауығып, саңыраулар естіп, өлгендер қайта тіріліп, жарлыларға Ізгі хабар жарияланып жатыр. Мұнан кейін мен аспанның биігінде ұшып бара жатқан ерекше бір періштені көрдім. Ол жер бетінде Құдайға мойынсұнбай тұратын әрбір халыққа, руға, тілге және ұлтқа қарсы Құдайдың мәңгілік жеңісі туралы Ізгі хабарды жариялады.
Выбор основного перевода