Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен сол түні көріп жатқан көріністерде кенеттен адам баласына ұқсайтын Біреудің аспандағы бұлттармен келе жатқанын байқадым. Ол мәңгі жасап келе жатқан Тәңір Тағалаға жақындап келіп, Оның алдына әкелінді. Иса:— Өзіңіз айтып тұрсыз. Сіздерге мынаны да айтамын: Менің Билеуші ретінде Құдірет Иесінің оң жағында отырғанымды әрі аспандағы бұлттармен келе жатқанымды әлі көретін боласыздар! — деп жауап берді. Біліп алыңдар, Мәсіх бұлттармен қайтып келеді!Әркім де, Оны түйрегендер де Мәсіхті көзімен көреді,Жер бетіндегі барлық рулар үрейленеді,Ол туралы қайғырып, жылап еңірейді.Иә, ол солай болады да! Аумин.
Выбор основного перевода