Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонымен қатар, Жаратқан Ие сендерді барлық халықтардың арасына шашыратып, жер бетінің бір шетінен келесі шетіне дейін бытыратып жібереді. Сол жерлерде сендер өздерің де, ата-бабаларың да еш білмеген бөгде тәңірлерге: ағаштан, тастан жасалған тәңірсымақтарға құлшылық ететін боласыңдар. Ата-бабаларымыздың заманынан бастап қазірге дейін Сенің алдыңдағы кінәміз өте зор. Біз патшаларымызбен, діни қызметкерлерімізбен бірге теріс қылықтарымыздың кесірінен бөтен елдердің патшаларының қолына түстік. Күні бүгінге дейін солардың семсерлерінен әрі құлдық, тонау, қорлықтан көз ашпай келеміз. (Асафтың жыры.)Уа, Құдай, Өзіңе бағынбаған ұлттарСенің меншікті еліңді басып, оларСенің киелі үйіңді арамдады,Иерусалимді қиратып, талқандады. Сенің халқың біраз уақытқа ғанаИе болды қасиетті орныңа.Енді жауымыз ғибадатханаңдыТас-талқан етіп, таптап тастады. Ал содан кейін Мен Яһуда патшасы Седекияхтың өзін де, осы қалада індет, семсер және ашаршылықтан аман қалған нөкерлері мен халқын да Бабыл патшасы Набуходоносордың әрі жандарын алмақ болған басқа да жауларының қолына тапсырамын. Набуходоносор оларды семсермен қырып, еш аяу, мүсіркеу, рақым ету дегенді білмейтін болады, — деп ескертеді Жаратқан Ие. Оның құдіреті тіпті аспанға дейін жетіп, «көктің әскеріне» бас салды. Солардың кейбіреулерін жерге лақтырып, аяғымен таптады. Содан соң мен екі қасиетті періштенің өзара сөйлесіп, біреуінің былай деп сұрағанын естідім:— Осы көріністе көрсетілген оқиғалар орындалғанға дейін қанша уақыт өтпек? Күнделікті құрбандық ұсынуды тоқтатып, киелі үйді арамдап бос қалдырған бас көтеру қашанға дейін созылмақ? Киелі үй мен «көктің әскері» қашанғы аяқ асты етілмек? — Сол күні Мен Иерусалимді барлық халықтар үшін зіл қара тас іспетті қыламын: оны көтеремін дегендердің бәрі де өздерін зорықтырып алатын болады. Сол кезде жер бетінің күллі халықтары оған қарсы жиналып келетін болады. Бауырластарым, сендердің ақылгөйсіп мақтанбауларың үшін мына құпия жоспарды ашқым келеді: басқа ұлт адамдарының Құдай белгілеген саны Оның Патшалығына түгелдей кіріп болғанша, Исраил халқының бір бөлігі қасарысып, сенуден бас тартатын болады.
Выбор основного перевода