Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал мына інің болса, өлген еді — тірілді, жоғалған еді — табылды. Сондықтан қуанып, көңіл көтеруіміз керек қой! — дейді әкесі». Бұрын сендер Құдайдың бұйрығын бұзып, күнә жасай беріп, рухани өлі едіңдер. Алайда рақымы мол Құдай бізге зор сүйіспеншілігін көрсетті: Сондықтан да былай деп айтылады:«Оян, ей, ұйқышыл,Рухани өлімнен тіріл!Мәсіх саған төгеді нұр». Бұрын сендер Құдайдың бұйрықтарын бұзып, «рухани сүндеттелмеген», яғни күнәкар болмыстарыңа тәуелді болып, рухани тұрғыдан өлі едіңдер. Алайда Құдай сендерді Мәсіхпен бірге қайта тірілтіп алды. Ол күллі күнәларымызды кешірді: Алайда тіршіліктің ләззатын ғана ойлайтын жесір әйел — тірі өлік. Сардтағы қауымның періштесіне былай деп жаз:Бұл — Өзінде Құдайдың жеті Рухы әрі жеті жұлдызы Бардан хабар.Мен сенің істеріңді білемін; жұрт сені тірі деп санағанмен (рухани) өлісің.
Выбор основного перевода