Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал мұны көргенде парызшылдар Оның шәкірттеріне:— Ұстаздарың неге салықшылармен және басқа күнәкарлармен бірге тамақ ішіп отыр? — деп наразылық білдірді. Кейін Леуі үйінде Исаға арнап үлкен қонақасы берді. Сонда көптеген салық жинаушылар және басқа қонақтар да олармен дастарқандас болды. Ал Мен, көктен келген Билеуші, кәдімгі тамақтарды ішіп-жеймін. Сонда сендер: «Мынау тамақ жеп, шарап ішуді жақсы көреді және салықшылармен, күнәкарлармен дос болып жүр!» деп жамандайсыңдар. Исаны қонаққа шақырған парызшыл адам мұны көргенде іштей: «Егер Бұл нағыз пайғамбар болса, Өзіне қолын тигізгеннің кім екенін және қандай әйел екенін білер еді. Ол күнәға батқан ғой», — деді.
Выбор основного перевода