Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сенің үрім-бұтағың жер бетіндегі құм түйіршіктеріндей сансыз көп болады. Батыс пен шығысқа, солтүстік пен оңтүстікке тарайсыңдар. Өзің және ұрпақтарың арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға батам қонады. Жаратқанның жат елдерден жинағандары,Шартараптан еліне қайтарғандары. «Енді жүріңдер, Жаратқан Иенің,Жақыптың халқы сиынған Құдайдың,Сион тауындағы киелі үйінеӨрлеп барайық барлығымыз, кәне!Сол жерде Жасаған Иеміз бізгеАқ жолын нұсқайды, сонымен жүрейік,Оның әділ еркін орындай берейік!»Деп, көп ұлттар жолға шығады бірігіп.Сөзін таратады тәлімін үйретіпЖаратқан Ие Иерусалимнен,Сиондағы өз киелі үйінен. Жаратқан Ие мынаны да айтады: «Сен Менің Қызметшімсің, Жақыптың шашыраған руларын қайтадан біріктіресің. Сен тек Исраил халқынан аман сақтап қалғандарымды ғана Өзіме қайтарып қоймайсың. Сені басқа ұлттар үшін де жарық Нұр болуға белгіледім! Сонда жердің түкпір-түкпіріндегі адамдарға Мен дайындаған құтқарылу жолын жария етесің!» Міне, бұлар алыстан, көбі солтүстік пен батыстан, басқалары Асуан аймағынан келе жатыр! Осылай батыстағылар мен шығыстағылар да Жаратқан Иені терең қастерлеп, Оның салтанатты ұлылығына қайран қалады. Өйткені Жаратқан Иенің дауылы су тасқынын қатты айдағандай, Өзі де тездете аттанып келеді. Ұлттар сенің сәулеңе ағылып, патшалары да шұғылаңа жақындап келеді. Күннің шығысынан батысына дейін халықтар арасында Менің есімім зор даңққа бөленеді. Барлық жерлерде де Маған арналып хош иісті заттар түтетіліп, адал сый-тартулар ұсынылады. Себебі халықтар арасында Менің есімім даңқталады, — деп нық айтады Әлемнің Иесі. Исамен бірге дастарқандас болғандардың бірі осыны естігенде Оған: «Құдайдың Патшалығындағы тойға қатысатындар бақытты!» — деді.
Выбор основного перевода