Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі Сен, Құдайым, зұлымдықты құптамайсың,Жамандық атаулыны қасыңа жолатпайсың. Аулақ менен, бар зұлымдық жасайтындар!Ием құлақ түрді жылаған даусыма, Азғын жүректіні қасымнан қуамын,Зұлымдық атаулыдан аулақ боламын, Таң атқаннан зұлымның бәрін басамын,Жаратқанның қаласынан сұмдарды құртамын. Маған: «Мырза, Ие!» дейтін әркім емес, көктегі Әкемнің еркін орындайтындар ғана Оның Патшалығына кіре алады. Сонда Мен оларға: «Сендерді ешқашан (өз адамдарым ретінде) таныған емеспін. Әділетсіздік істегендер, Менен аулақ кетіңдер!» — деп ашық айтамын. Ал күйеу жігіт оларға:— Шын айтамын, сендерді танымаймын! — деп жауап береді. Бұдан кейін Патша Өзінің сол жағындағыларға да былай деп үкім шығарады:— Менен аулақ кетіңдер, қарғыс атқандар! Шайтанға және оның хабаршыларына дайындалған мәңгілік тозақ отына түсіңдер! Сондықтан, егер жейтін тамағым бауырласымды күнәға азғырса, онда мен оны күнәдан сақтау үшін бұдан былай ешқашан да (базардан алынған) етті жемейтін боламын. Бірақ Құдайдың салған негізі берік тұрады, онда мына сөздер «мөрленіп» жазылған: «Иеміз Өзінікі болған адамдарын жақсы біледі» және «Иеміздің атын атап сиынатын әркім жамандықтан алшақтасын!»
Выбор основного перевода