Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Дәулетке кенеліп отырған кезінде басына пәле түседі. Өкпелеген әркім оған қарсы қолын көтереді. Өйткені арсыздың артатын қандай үміті қалар еді? Құдай көзін құртып, жанын алады емес пе?! Шыдамды бол Жаратқанның алдында,Шешімін күт сабырмен, еш асықпа!Арам жоспарын іске асырған жанға,Табысқа жеткен зұлымға ашуланба! Данышпанның да өлгенін жұрт көреді,Дәл солай ақымақ пен ессіз де өледі,Мал-мүлкін басқаға қалдырғанын біледі. Бірақ Құдай жанымды о дүниеден құтқарады,Ол мені Өзіне қабылдайтын болады. Содан да Құдай сені мәңгі құртады,Үйіңнен күшпен қуып шығарады,Тірілер арасынан аластатады. «Міне, Құдайды паналамаған жан,Қайта, мол байлығын арқа тұтқан,Зұлымдықпен одан бетер нығайған». Байлығын әділетсіздікпен жиған адам өзге құстың жұмыртқасын басып шығарған шілге ұқсайды. Өмірінің орта тұсында байлығы одан кетіп, ақыр соңында ақымақтығы өзіне аян болады». сендер тіпті күні ертең не болатынын білмейсіңдер! Өмірлерің неге ұқсас? Ол әншейін аз уақытқа көрініп, кейін ғайып болатын бу іспетті емес пе? Құдай адамның бір рет өліп, содан соң қиямет сотының алдында тұратынын белгілеген.
Выбор основного перевода