Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол адам:— Кім сені бізге басшы әрі төреші етіп тағайындады? Сен немене, мысырлықты өлтіргендей мені де өлтірмексің бе? — деп жауап қайтарды. Мұса: «Менің істегенім туралы жұрт біліп қойған екен ғой», — деп ойлап, үрейі ұшты. — Уа, адам, Жаратқан Ие саған ненің игілікті екенін білдірген еді. Ол сенен нені талап етеді? Әділ істер істеп, мейірімділікті ұнатуыңды, әрі сиынатын Құдайыңмен тығыз байланыста болып кішіпейіл жүруіңді талап етеді емес пе?! Бірақ елдесін жәбірлеуші жігіт Мұсаны итеріп жіберіп: «Кім сені бізге басшы әрі төреші етіп тағайындады? Сондықтан, ей, басқаларды айыптаушы адам, кім болсаң да, сен ақтала алмайсың: өзге біреуге айып тағып тұрып өзіңе үкім айтасың! Себебі оны айыптаған сен де сол сияқты күнәлар жасайсың. Ей, пенде, егер өзің де айналысқан жаман істер үшін басқаларды айыптасаң, сонда қалай, Құдай сотынан құтылам деп ойлайсың ба?
Выбор основного перевода