Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Кейін олардың біреуі, Таурат заңын үйретуші ғұлама, Исаның ұстанған ілімін сынамақшы болып Оған мына сұрақты қойды: Бір дін мұғалімі жақындап келіп, олардың айтысып жатқандарын тыңдап тұрған еді. Исаның жақсы жауап бергеніне көзі жетіп, Оған:— (Таураттағы) өсиеттердің ең бастысы қайсысы? — деген сұрақ қойды. Сол кезде біреу Исаға келіп:— Ізгі Ұстаз! Мәңгілік өмірге ие болу үшін қандай игі істер істеуім керек? — деген сұрақ қойды. Иса оған: Иса сапарға шыққанда, бір жігіт алдынан жүгіріп шығып, Оған тізесін бүгіп тағзым етті. Жігіт Исаға:— Ізгі Ұстаз! Мәңгілік өмірге ие болу үшін не істеуім керек? — деген сұрақ қойды. Басшылардың біреуі Исадан:— Ізгі Ұстаз! Мәңгілік өмірге ие болу үшін не істеуім керек? — деген сұрақ қойды.
Выбор основного перевода